Асхат Аймағамбетов елімізде жасөспірімдердің жартысынан көбі кең таралған мамандықтарды таңдайтынын айтты
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық жасөспірімдердің мамандық таңдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін білім сапасы бойынша елдердің рейтингісі ретінде жиі қабылданатын зерттеу туралы жазғым келеді. Әңгіме PISA зерттеуі туралы болып отыр», - деп атап өтті БҒМ басшысы Facebook-парақшасында.
Оның айтуынша, PISA-ның көптеген рейтингтен айырмашылығы – ұпайларды ғана емес, сонымен бірге контекстік факторларды да зерттейді. Сондай факторлардың бірі – 15 жастағы оқушылардың мансаптық жоспарлары.
Оның ішінде:
1. Қазақстанда жасөспірімдердің жартысынан көбі кең таралған мамандықтарды таңдайды.
2. Зерттеудің барлық үш циклінде мансаптық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр. Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер PISA-2022 (9%), PISA-2015 (10%) және PISA-2018 (5%) зерттеуінде ең жиі таңдалған.
3. Жасөспірімдердің педагог мамандығына қызығушылықтары айтарлықтай артқанын зерттеулер де көрсетті. Бұл - мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған жұмыстар нәтижесі. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардвң үлесі екі есеге немесе 5%-ға өсті. Атап айтқанда, осы мамандықты таңдау бойынша PISA 2015 зерттеуінде 7-орын болса, ал PISA-2022-де 2-орынға дейін көтерілді. 2022 жылы оқушылардың 9%-ы «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім» мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдады.
4. PISA-2022 зерттеуінің қорытындысы бойынша таңдаулы мамандықтардың алғашқы ондығына АКТ мамандықтары кіреді деген болжам бар.
Оқи отырыңыз: Биылғы ҰБТ-да қандай жаңашылдықтар болады
Сонымен қатар жиі таңдалатын мамандықтардың ондығына жаңа мамандықтар енді.
«Бұл – «Стоматологтар» (4%), «Тауарлар мен киім дизайнерлері» (3%), «Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшілері» (3%), «Спорт жаттықтырушылары, нұсқаушылары және спорт саласындағы мамандар» (2%), «Психологтар» (2%), «Косметологтар және олармен байланысты мамандар» (1%), «Жарнама және маркетинг саласындағы мамандар» (1%), «Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер» (1%)», - деді министр.