Аталмыш фактіге қатысты тергеу ұйымдастырылуда
Павлодарда жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылды. Ер адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 10.35-те ЖШС-нің бірінің 36 жастағы жұмысшысы Нұрмағамбетов - Минин көшелерінің қиылысында жол жұмыстарын жүргізу кезінде ыстық битумы бар шелекті аударып, бір тамшысы бетіне тамып кеткен.
«37 жастағы ер адамның бетін 1-2 % термиялық күйік шалды. Күйік шалған аумақ 2-3% құрайды. Жағдайы қанағаттанарлық. Ем қабылдауда», - деді денсаулық сақтау басқармасында.
Облыстық еңбек басқармасында жұмыс берушіге хабарлама жіберілгенін мәлімдеді.
Аталмыш фактіге қатысты тергеу ұйымдастырылуда.