22 шағын ауданның бірнеше үйі ыстық сусыз қалды
Ақтаудағы "Москвичевский" көлікке қызмет көрсету станциясының аймағында жылу желісі жарылды. 22 шағын ауданның бірнеше үйі ыстық сусыз қалды, деп хабарлайды Lada.kz.
Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.
"Қазіргі уақытта су тоқтатылды. Суды сорып аламыз, содан кейін себебін анықтап, жөндеуге кірісеміз. Әзірге 22 шағын ауданның бірнеше үйіне су жеткізілмей жатыр", - деді мамандар.