ҚТЖ-ның бөлім басшысы бюджет қаражатын жымқырған – Қаржылық мониторинг

Автор: Azattyq Rýhy

Сот кінәлі деп танып, тиісті жазаға тартты

Фото ашық дереккөзден

«Қазақстан темір жолы» ҰК Павлодар облыстық сигнализация және байланыс бөлімшесінің бастығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Агенттіктің Павлодар облыстық департаменті қызметкерлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Павлодар облыстық сигнализация және байланыс бөлімшесінің бастығы С.Түсіповтің қызметтік уәкілдігін асыра пайдаланғанын және бюджет ақшасын жымқыру фактісін анықтады.

С.И.Түсіпов С.М. Иманбек және Т.М.Сәрсембиновпен бірге 2016 – 2021 жылдар аралығында қызметтік уәкілдігін асыра пайдаланып, қызметкерлерден жүйелі негізде ақшалай қаражат жинап отырған.

Сондай-ақ сотталушы автоматты телефон стансасын жөндеуге шарт жасасып, оны орындамаған. С.И.Түсіпов атқарылған жұмыс актісіне қол қойғаны үшін ақшалай сыйақы алған», - делінген агенттік хабарламасында.

Павлодар қалалық соты азамат С.И.Түсіпов, С.М. Иманбек және Т.М.Сәрсембиновті кінәлі деп танып, тиісті жазаға тартты