Іс сотқа жіберілді
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі» ММ басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ол «Hyundai Wacortec Life» ЖШС өкілінен ғимаратты заңсыз жалға беру әрекеті үшін пара алды деген күдікке ілінді», - дейді Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.
Ведомствоның хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.