«ҚазАвтоЖол» Қазақстанда қандай жолдар жабылғанын хабарлады
Республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласының «Нұр-Сұлтан-Павлодар», «Нұр-Сұлтан-Қостанай» автожол бөліктерінде барлық көлік түрлері үшін жол жабылды.
Ақмола облысында барлық көлік түрлері үшін 3 жол бөлігінде қозғалыс шектелген: «Нұр-Сұлтан-Ерейментай-Шідерті» (Нұр-Сұлтан қаласынан – Павлодар облысының шекарасына дейін), «Екатеринбург-Алматы» (Жақсы ауылынан – СҚО шекарасына дейін), «Екатеринбург-Алматы» (Атбасар қаласынан – Нұр-Сұлтан қаласына дейін), Алматы облысында «Үшарал-Достық» (Көктұма ауылынан – Қасенов ауылына дейін) автожол бөлігінде барлық көлік түрлері үшін жол жабылды.
Шығыс Қазақстан облысында жүк және жолаушылар көліктері үшін «Алматы-Өскемен» (Қалбатау ауылынан – Қасенов ауылына дейін) автожол учаскесінде қозғалыс шектелді. Барлық көлік түрлері үшін «Өскемен- Шемонаиха-Ресей шекарасы» (Предгорное ауылынан – Ресей шекарасына дейін), «Өскемен-Алтай-Қатон-Қарағай-Рахман қайнары» (Ушанов ауылынан –Серебрян қаласына дейін) автожол учаскелерінде жол жабылды.
Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбург» (Қарағандыдан – Ақсу-Аюлы ауылына дейін), «Алматы-Екатеринбург» (Теміртау қаласынан –Ақмола облысының шекарасына дейін) автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Павлодар облысында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Шідерті ауылынан – Ақмола облысының шекарасына дейін) және «Қызылорда-Павлодар» (Ленин ауылынан – Қарағанды облысының шекарасына дейін) автожол учаскелерінде жол жабылды.
Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыт бойынша қозғалыс шектелді.