Ал көлік артында әйел отырған кезде оның қасына бір адам ғана отыра алады
Түркіменстан астанасы Ашхабадта жергілікті әйелдерге көліктердің алдыңғы орнына отыруға тыйым салынды. Бұл туралы turkmen.news басылымы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл тыйым мемлекеттік немесе жеке таксилерге ғана қатысты емес. Ең сорақысы – қасыңда әкең болсын, ағаң болсын, күйеуің болсын, жүргізушінің қасында әйел отырмауы керек. Егер әйелдің көлік алдында отырғанын көрсе, тоқтатып, кері кетуге мәжбүрлей алады дейді Ашхабад тұрғындары.
Сонымен қатар көлік артында әйел отырған кезде оның қасына тек бір адам ғана отыра алады. Артқы орындықта үшеу болып отыруға да тыйым салынған.
Айта кетейік, 2018 жылы Түркіменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды.