Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 жағдай тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Ал 11 науқас індеттен айығып шықты

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 жағдай тіркелді. Оның біреуі Нұр-Сұлтан, төртеуі Алматы қаласында. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ВАК мәліметі бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 548 адамға жетті.

Сондай-ақ, Қазақстанда 11 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда - 5, Алматы облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында – 2, Қарағанды облысында - 1 адам. Сонымен, елімізде барлығы 1 291 089 адам COVID-19-дан сауықты.