Алматыда 12 жасар оқушы қызды көлік қағып кетті
Жаяу жүргінші қалалық балалар ауруханасына жеткізілді
Алматыда жолды кесіп өтіп бара жатқан 12 жасар оқушы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 30 сәуір күні кешкі 16:45 шамасында Hyundai Accent көлігін тізгіндеген И. атты жүргізуші Жандосов көшесімен батысқа қарай кетіп бара жатқанда оқушы қызды қағып кеткен.
2010 жылы туған А. есімді қыз бала көшені солтүстік бағытта, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолы арқылы кесіп өтіп бара жатқан.
Жол апаты салдарынан кәмелет жасына толмаған жаяу жүргінші №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.
«Аталған фактіні Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр», - деп мәлім етті қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.