Ақтөбедегі орталыққа қатысты тергеу басталды
Ерекше қажеттілігі бар балаларға зорлық көрсеткендерге ең қатаң жаза қолданылады. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ерекше қажеттілігі бар балаларға зорлық-зомбылық көрсету жауыздық әрекет. Ақтөбедегі Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің балаларға күш көрсету әрекетіне байланысты ең қатаң шара қолданылады. Қылмыстық Кодекстің 110-бабы, 2-тармағы бойынша тергеу басталды. Тергеу барысы бақылауға алынды. Осы тектес мекемелердің барлығын тексеруді тапсырдым», - деп жазды Бас прокурор.
Бұған дейін Ақтөбеде орталық қызметкерлері мүгедек балаларды ұрып-соқты деп айыпталып жатқаны туралы жазған болатынбыз.