300 шаршы метр аумақты жалын шарпыған
Мұнайлы ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, қазір қоқыс полигонындағы өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy mangystaumedia-ға сілтеме жасап.
"Өртті сөндіруге 8 арнайы техника мен мамандар жұмылдырылды. Қазір қызыл жалын құммен көму арқылы ауыздықталуда. Аудан әкімінің орынбасары Нұрбек Қарасайұлы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Азамат Құлманов пен жеке құрам, “Маңғыстау Жылу” КММ-сі басшылығы оқиға орнында жедел қызмет етіп жатыр", - дейді Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.