Жаңаөзен халқы су азабын тартып отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір мұнда ауыз су кестемен беріледі

фото: inbusiness.kz

Жаз түспей Маңғыстауда тіршілік нәріне тапшылық басталып, қара халық ауыз су жетіспеушілігінің азабын тартады, деп хабарлайды Atameken Business.

 Мәселе, әсіресе Жаңаөзен қаласында өзекті. Қазірдің өзінде ауыз суды кестемен тұтынатын халық, шіліңгір шілдеде жағдай мүлдем ушығады деп отыр. Ал әкімдік жасаған су беру кестесі 60 мың тұрғын үшін қолайсыз боп тұр.