БҚО-да ауыл шаруашылығы басқармасы экс-басшысының ұлы 9 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған мемлекетке 600 миллион теңге шығын келтірді деген айып тағылды

фото: www.uralskweek.kz

Ерболат Оңғарбек бюджеттік несие алуға көмектескені және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Орал апталығына сілтеме жасап.

29 сәуірде Орал қалалық сотында БҚО бойынша Аграрлық несие корпорациясы директорының бұрынғы орынбасары Ерболат Оңғарбектің ісі бойынша үкім шықты. Ол ҚР ҚК 361 және 189-баптарында көзделген «Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану» және «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ерболат Оңғарбек 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда және ұлттық холдингтерде лауазымы қызмет атқару құқығынан айырылды.

Оңғарбектен басқа, сотталушылардың арасында фермерлер болды. Оларға тергеу мәліметтері бойынша бюджеттік несие алуға көмектескен. Барлығы кінәлі деп танылды, бірақ үшеуі ғана нақты түрме жазасын өтейді, қалғандары қылмыстың ескіру мерзімі аяқталғаннан кейін босатылды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» филиалының басшысы болған 32 жастағы Ерболат Оңғарбектің соты тоғыз айға созылды. Сот және тергеу мәліметтері бойынша, Оңғарбек директор ретінде өзінің мүмкіндігін пайдаланды және туыстары мен таныстарына фермерлік субсидияланған несие беруге ықпал етті.

БҚО бойынша АКК бұрынғы басшысы келтірген жалпы шығын 600 миллион теңгеден астам сомада бағаланады. Бұған дейін Ерболат Оңғарбектің әкесі, Батыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы Марат Оңғарбеков ҚР Президентіне бейне хабарлама жазып, ұлын босатуды сұрап, тергеу органдары тарапынан заңсыздыққа шағымданған болатын.