Жазғы каникул 1 қыркүйекке дейін жалғасады
Білім және ғылым министрлігінің мектептерде оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрығы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады», деп жазды ведомство басшысы Telegram желісіндегі парақшасында.
9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.
Мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады.