Ол әлемде туындаған даулар туралы айтты
Елдің ішкі саясатында барлығымыз жауапты болайық. Өйткені әлем елдерінде тіл мәселесіне қатысты туған даулардың соңы жақсылыққа апармады. Бұл пікірді Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Барлық азаматты ортақ іске жұмылдырмайынша, мемлекеттік аппарат та, саяси шешімдер де, экономикалық тұтқалар да елді жаңарту мақсатына жете алмайды. Жаңа Қазақстанды құру үшін жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен реформалау қажет. Біз непотизм мен патернализмге, сыбайлас жемқорлықты шешуге тосқауыл қоямыз. Жаңа Қазақстан әділет аумағына айналуы керек. Осы ретте, патриотизмдік құндылық ұлтаралық артықшылықты алмастырып, достық пен бірліктің орнына өзара дұшпандық пен өшпенділіктің орнығуына жол берілмейді», - дейді Президент.
Мемлекет басшысы сөз соңында алда келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Ораза айт мерекесімен құттықтады.