Ұмай бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бюджеттен үшінші транш бөлінгенше өтінім қабылданбайды

фото: egemen.kz

Ұмай бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«28-сәуірден бастап Отбасы Банкі - Ұмай бағдарламасы бойынша жаңа өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты. Осы күнге дейін қабылданған және мақұлданған өтінімдер бойынша несиелер міндетті түрде берілетін болады. 3 транш болжам бойынша жаз мезгіліне бөлінеді», делінген ресми хабарламада.

Ұмай бағдарламасы бойынша Отбасы Банкі 2-транш есебінен 5 млрд.теңгеге жуық сомаға несие берген. Яғни аталған бағдарламамен осы күнге дейін 400 әйел баспаналы болды. Сондай-ақ, қазір жалпы сомасы 3 млрд. теңге болатын несиелер мақұлданды. Жақын күндері Қазақстан бойынша тағы да 240 әйел жақында қоныс тойын тойлайды.

"Қазірдің өзінде 5 млрд. теңгеден астам сомаға 500 өтінім мақұлданды және 1 млрд. тг. сомасына 60-тан астам өтінім қабылданған", деп көрсетті банк өкілдері.

Отбасы банк Азия даму банкімен 38 млрд. теңге сомасына келісім жасалғанын еске салды.

Бірінші транш - 8,4 млрд. тг.

Екінші транш - 14 млрд.тг.

Үшінші траншта - 15,6 млрд.тг. күтілуде.