Әр гранттың мөлшері 500 мың теңгені құрайды
Қазақстанда «Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы іске асырыла бастады. Қолдау тапқан жобаларға 50 шағын грант беріледі, деп Azattyq Rýhy.
Әрбір гранттың мөлшері 500 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, жоба аясында әлеуетті грант алушылар үшін оқыту семинарлары, кеңес беру іс-шаралары ұйымдастырылатын болады. Аталмыш шаралармен ауылдық жерлерде тұратын 200-ден астам адам қамтылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, ауылдарда кемінде 20 тұрақты жұмыс орнын ұйымдастыру жоспарланған.
«Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асыру 2022 жылдың соңына дейін жалғасатын болады.