Кінәлі деп танылған азамат 200 мың теңге айыппұл төлейді
Экстремистік материалдарды сақтаған қызылордалық ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ медиа орталығына сілтеме жасап.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған деструктивті діни ағымын ұстанатын 30 жастағы облыс тұрғыны анықталды.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.
Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 214 410 теңге әкімшілік айыппұл салынды.