Қазіргі уақытта жас жігіт анасымен бірге.
Ақмола облысында жоғалып кеткен студент Степногор қаласынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Красный Яр ауылының колледж студенті Виталий Садвакасов Степногорск қаласынан табылды. Бозбала жолай кездескен көлікпен туған қаласына кетіп қалған дейді полицейлер.
Қазіргі уақытта жас жігіт анасымен бірге.
Жоғалған студентті іздеуге Көкшетау қалалық Полиция басқармасы және Краснояр учаскелік полиция бекетінің жеке құрамы, еріктілер жұмылдырылды.