AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезі басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Іс-шара барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы мәселесін қарау жоспарланып отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезі басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселені қарау жоспарланып отыр.

Айта кетсек, 22 сәуір күні еліміздің барлық өңірінде Саяси кеңестердің отырыстары өтті. Оның қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезіне 403 делегат сайланған болатын.

Тегтер: