Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Синоптиктер 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Ал республиканың қалған бөлігі антициклонның ықпалында болады. Бұл жауын-шашынсыз ауа райы мен ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді. Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқылдап, дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Алматы облысының Алакөл көлдерінде желдің жылдамдығы 20-25, екпіні 30 м/с және одан да көп болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күн күркірейді, таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында желдің күші 15-20 м / с жетеді.
Атырау облысының шығысында 15-20 м / с жел күшейеді, түнде Қарағанды облысының батысы мен шығысында тұман түседі.