Қазір қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Субұрқақтар ыстық күндері елорда тұрғындарының демалысы үшін ерекше орын алады. Су оазистері салқындығымен тартады, сондықтан олар азаматтардың сүйікті демалыс орнына айналады. Бүгінде қалада субұрқақтарды іске қосуға дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Биыл елордада субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады.
Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының теңгерімінде екі субұрқақ нысаны бар: Республика даңғылы 34-те ("Жастар" сарайы) – 3 бірлік және Республика даңғылы 6-да ("Есіл" СҮ) - 1 бірлік. Ағымдағы жылы аудан әкімдігі оларды қайта жаңартуды жоспарламайды.
Сарыарқа ауданында барлық субұрқақтар әкімдік қарамағында емес. 10 нысанның біреуі Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының теңгерімінде. Бұл ретте субұрқақтардың каскады биыл әкімдіктің балансына беріледі.
Ауданда келесі субұрқақтар орналасқан:
"Өмір ағашы","Сиреневый" фонианы, Абай/Желтоқсан, "Ақжайық", "Атырау", "Жастар театры",
Мәскеу көшесіндегі сквердегі, "Айналмалы доп" ("Чупачупс"), "Әлия Моладғұлова ескерткішіндегі" субұрқақ.
Алматы ауданында да субұрқақтар іске қосылып, қайта қалпына келтіріліп жатыр. Аудан әкімдігінің балансында 9 субұрқақ пен субұрқақ кешені бар:
"Президенттік саябақ" субұрқақ кешені;
"Қазақ Елі" субұрқақ кешені;
"Әзірет Сұлтан" субұрқақ кешені;
Отан қорғаушылар алаңындағы субұрқақ кешені;
Б.Момышұлы даңғылындағы оқушылар сарайындағы фонтан;
Тәуелсіздік Сарайы жанындағы субұрқақ кешені";
Б. Момышұлы ескерткішіі жанындағы скверде орналасқан субұрқақ;
Студенттер саябағындағы "Ақ бұлақ" субұрқағы;
"Бейбітшілік және келісім" сарайының жанындағы субұрқақтар кешені.
Сонымен қатар, субұрқақтар саны бойынша абсолютті рекордшы-Есіл ауданы. Ауданда барлығы 27 субұрқақ кешені бар, оған 46 субұрқақ кіреді. Аудандық әкімдікте атап өткендей, екі субұрқақ толық қайта құруды қажет етеді, бұл Дипломатиялық қалашықтағы шаршы субұрқақ пен фонтан.