Мамыр айында еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің бірнеше өңірінде орташа құрғақшылық болуы мүмкін

Фото: "Атырау" газеті

Қазақстанның елеулі аумағындағы ылғалдану жағдайларының статистикалық болжамына сәйкес мамыр айында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтіліп отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Келесі жерлерде орташа құрғақшылық күтіледі:

  • Ақтөбе облысы Әйтеке би және Хромтау аудандарында;
  • Қостанай облысы Жангелді ауданында;
  • Қызылорда облысы Қазалы ауданында;
  • Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында.

Ылғалданудың, орташа ылғалды жағдайлары, негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстігінде қалыптасады.