Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады
Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы және Жамбыл облыстарының полиция басшылығы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қаңтар-ақпанда Министр Е.Тұрғымбаев қызметтік міндеттерін орындаудан өз бетінше шеттеткені, қабылдаған міндеттемелері мен антын бұзғаны үшін Алматы және Жамбыл облыстары полиция департаменттері бастықтарының барлық орынбасарлары тәртіптік негізде атқаратын қызметтерінен босатты", – делінген хабарламада.