Қазақстандық фильм АҚШ-та бірден екі марапатты жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

SERJAN BRATAN сериалы үздік деп танылды

фото: liveam.tv

Salem social media компаниясының SERJAN BRATAN веб-сериалы Лос-Анжелестегі Stareable Fest LA фестиалінде бірден екі марапатқа ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сериал Best Drama және Best in Directing аталымдары бойынша үздік болып танылды», -деп көрсетті  Salem social media компаниясының баспасөз қызметі.

Stareable Fest - АҚШ-тағы тәуелсіз теле және веб-сериалдардың жыл сайын өтетін ең беделді фестивальдерінің бірі.