Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Екі бала да ауруханада жатыр

фото: pravda.ru

Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«23 сәуірде Теміртау қаласының Шевченко көшесіндегі бір қабатты жеке тұрғын үйде ата-анасының қарауынсыз қалған бала баспалдаққа көтеріліп, абайсызда үйдің сыртқы баспалдағынан құлап кеткен. Баспалдақтың биіктігі 3 метр. 2020 жылы туған қыз ауруханаға жатқызылды», деп көрсетті ТЖД.

Қарағанды қаласында да осындай оқиға орын алды.  2013 жылы туған бала 3-қабаттың терезесінен құлаған. Ол  да ауруханада жатыр.