Алаяқ бұл «қызметіне» 60 мың теңге алған
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан 27 жастағы әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ол 60 мың теңгеге жүргізуші куәлігін жасатып беруге уәде беріп, қала тұрғынының ақшасын алған. Алайда ақшаны алғаннан кейін ізін суытқан», деп көрсетті тәртіп сақшылары.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.