Ол Президенттің тапсырмасын уақытында орындалмағаны үшін жұмыстан шығарылды
Берік Қамалиев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларының уақытында орындалмағаны үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды», - деп көрсетті Үкімет басшысының баспасөз қызметі.