Ойыл өзеніне батып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

1996 жылғы жігіт өзенді атпен кесіп өтпек болған

фото: Атырау облысы ТЖД

Атырау облысында Ойыл өзеніне батып кеткен жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

22 сәуірде Тайсойған ауылынан 15 шақырым қашықтағы Ойыл өзеніне батқан жігіттің мәйіті табылмай, бүгін таңертең іздестіру шаралары қайта басталған болатын.

 «Сағат 9.30-да ер адамның денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды», деп көрсетті Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері, жергілікті атқарушы органның 2 қызметкері мен жергілікті 5 тұрғын тартылды.