Тиісті органдар сотталып келгендерді жұмыспен қамтуға құлықсыздық танытқан

Автор: Azattyq Rýhy

Бас прокуратура сотталғандар арасында қылмыстың қайталану деңгейі азаймау себебін атады

Фото: otyrar.kz

Бас прокуратура ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының, сондай-ақ әкімдіктердің қызметінде пробация туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелген.

«Алайда, тексеру министрліктің бұл функцияны тиісінше орындауды қамтамасыз етпейтінін және жұмыс квотасы мен жұмыспен қамтылған адамдарды статистикалық есепке алумен ғана шектелгенін көрсетті.

Бұл ретте өткен жылы есеп беретін 67 мың пробация қызметінің тек 2 пайызы (1,5 мың) ғана жұмысқа орналасқан», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша әкімдіктердің қызметі жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмаған.

Соның нәтижесінде соңғы бес жылда бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталғандар арасында қылмыстың қайталану деңгейі төмендеген жоқ.

«Тек өткен жылдың өзінде пробациялық бақылаудағы тұлғалар ұрлық (784), алаяқтық (109), тонау (105), кісі өлтіру (31), тонау (24) және зорлау (20) сынды қылмыстарды жасаған.

Осыған байланысты ішкі істер органдарының жазалардың орындалуына бақылауды күшейту қажет», - дедінген хабарламада.

Тексерулердің нәтижелері бойынша Бас Прокурор Үкіметке заңбұзушылықтарды және оларға ықпал ететін себептерді жою туралы ұсыныс енгізді, оның аясында Республика Премьер-министрі уәкілетті органдарға тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.