Оған жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылған
Алматы қалалық Мәслихатының депутаты, миллионер Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралв ақпарат тарады. Мұндай ақпаратты журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Депутатқа Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты (ҚР ҚК 272-бабының 1 және 2-бөлігі) деген айып тағылған.
Еске салайық, Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы кезінде Арман Жұмагелдиевтің (Жабайы Арман) қасында болған. Ол бұған дейін куәгер ретінде жауап беруге шақырылған.