Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Өскемен қаласында автобус қаққан 5 жасар қыз көз жұмды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 21 ақпан күні сағат 17.00 шамасында Бажов көшесінде болған.
«Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыларды аялдамадан түсірген кезде қауіпсіздік талаптарын сақтамай, 5 жасар қызды қағып кетті. Соның салдарынан ол сол жерде мерт болған», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.