Украинадағы жағдай қашан аяқталады – РФ СІМ жауабы

Автор: Azattyq Rýhy

Алексей Полищук арнайы операцияның жоспарға сәйкес жүріп жатқанын айтты

Фото: ТАСС

Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы осы елді игеруге қатысты НАТО тарапынан төніп тұрған қауіптер жойылған кезде аяқталады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне берген сұхбатында РФ СІМ ТМД екінші департаментінің директоры Алексей Полищук айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Арнайы әскери операция оның міндеттері орындалғаннан кейін аяқталады. Ол міндеттердің қатарында Донбасстың бейбіт тұрғындарын қорғау, Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау, сондай-ақ НАТО елдері қатарына кіргісі келетін Украина аумағынан Ресейге төнетін қауіптерді жою кіреді», - деп атап өтті дипломат.

Ол арнайы операцияның жоспарға сәйкес жүріп жатқанын айтты.

«Оның барлық мақсаты орындалатын болады», - деді Полищук.