Алматыда аудандық соттың қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімімен бірлесіп Әуезов ауданындағы №2 аудандық соттың қызметкерін ұстады. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік қызметкер осы жылдың 18 сәуірінде ұсталды, делінген Алматы қалалық сотының  хабарламасында.

Ол пара алды деген күдікке ілінді.

«Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу органы тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды», - деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.