$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында жалдамалы қойшы өзіне сеніп тапсырылған малды сатып жіберген

Жәбірленушіге келтірілген шығын 7 миллион теңге болды

Түркістан облысында жалдамалы қойшы өзіне сеніп тапсырылған малды сатып жіберген
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында жалдамалы қойшы өзіне сеніп тапсырылған 140 бас қойды танысына сатып жіберген. Оның бұл қылмысы қожайынының қойларды санау кезінде әшкере болған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, қойлардың иесі Отырар аудандық полиция бөліміне қойларының жоғалғаны туралы арызданған. Ол жайылымда жүрген 750-ден астам қойын тексеруге барғанда 140 бас малы жоқ болып шыққанын жеткізген. Осы оқиғаға қатысты тексеру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары бұл қылмысқа жәбірленушінің малын сеніп тапсырған бақташысының қатысы бар екенін анықтаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 7 миллион теңге болған.

 «Белгілі болғандай, бақташы қойларды танысына әрқайсысын 35 мың теңгеге сатып жіберген. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланған малдарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда бақташы мен сатып алушы Отырар АПБ-не жеткізді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.


 

Серіктес жаңалықтары