Алматыда аса ірі көлемде есірткі сатқан ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктіден есірткі мен қару табылды

Көрнекі фото: Irksib.ru

Алматыда 60 жастағы ер адам есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында Әуезов ауданының полицейлері және Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 4 келіден астам кептірілген марихуана мен 1 келіге жуық гашиш есірткісін тәркіледі.

«Павлодар облысының 60 жастағы тумасы Саин көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындарының арызынан кейін жедел уәкілдердің назарына түсті. Арызданушылардың айтуынша, күдікті есірткі сатумен айналысқан, ол «тауарларды» тікелей гараждан таратып отырған. Г.есімді азаматтың қылмыстық әрекеті құжатталған. Гаражды тінту барысында күдіктіден жасыл және қоңыр түсті өсімдік тектес заты бар бір бума, сонымен қатар оқ-дәрі тәркіленді. Шөптің бір бөлігі оралып, сатуға дайын тұрған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 4 келі 567,01 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Тағы бір қоңыр түсті зат – гашиш. Тәркіленген партияның салмағы 730,71 грамды құрады. Мәселе есірткінің үлкен партиясы туралы болып отыр. Ал табылған оқ-дәрі – 9 мм калибрлі жауынгерлік патрон», – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы, 287-бабы 3-бөлімі бойынша сараланады. Ер адам қамауға алынды.