Әділет министрі аталмыш заңның қашан қабылданатынын айтты
Президенттің облыстар және Республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің актілерін тоқтата тұру немесе олардың күшін жою жөніндегі құқығын, сондай-ақ аудан және ауыл әкімдерінің лауазымдарынан босату құқығы өкілеттігі жойылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметі алаңындағы Әділет министрлігі ұйымдастырған брифингте мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство басшысы Қанат Мусиннің айуынша, бұл реформа жергілікті өкілді және атқарушы органдардың саяси ілгерілеуіне ықпал етеді.
«Президент өкілеттіктеріне қатысты жоспарланған реформалар саяси бәсекелестік пен мәдениетті дамытуға, өңірлердің дербестігін дамытуға, мемлекеттік аппаратта кадрлық бәсекелестікті қалыптастыруға ықпал етеді деп айтуға болады», - деді ол.
Бұл бастамаларды іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңына және басқа да бірқатар заңдарға өзгерістер енгізу талап етіледі.
«Тиісті заң жобаларын Парламенттің қарауына енгізу осы жылдың тамызына, ал оларды қабылдау осы жылдың соңына дейін жоспарланған. Аталған барлық заң жобаларын әзірлеу заң шығару процесінің барлық сатыларында кеңінен жария талқылаумен қатар жүретінін атап өту қажет. Атап айтқанда, «Ашық НҚА» порталында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға бағытталған конституциялық заң және заң жобаларының консультативтік құжаттары жарияланды. Тиісті талқылаулардан кейін заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары және заң жобаларының өздері қолжетімді болады», - деді Қанат Мусин.