Білім және ғылым министрі тіл білу дағдыларын анықтайтын рейтингтер туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Министр алдағы уақытта түрлі рейтингтер мен зерттеулер жайында ақпараттармен бөлісіп отырады

Фото: ult.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тіл білу дағдыларды өлшейтін рейтингтер туралы жазғанда көпшілік IELTS нәтижелері туралы ақпаратты ғана оқығанын айтты. Бұл туралы министр Telegram каналында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жақында мен халықтың тілдік дағдыларын өлшейтін халықаралық рейтингтер туралы жазып едім. Бұл жазбаның мән-мағынасы Қазақстанның орнын көрсету немесе міндетті түрде елдің жетістіктеріне назар аудару емес еді.

Дегенмен осы жазбаның астындағы пікірлер оқырманның көпшілігі басқаша түсінгенін, көбінесе Қазақстанның IELTS нәтижелері туралы ақпаратты ғана оқығанын көрсетті. Бірақ мен халықтың тілдік дағдыларын бағалайтын бірнеше рейтингтің диаметральді қарама-қарсы нәтижелерін арнайы көрсетуге тырыстым», - деп жазды министр.

Ол сөзін жалғай отырып, әртүрлі рейтингтер және зерттеулер жайында ақпараттармен бөлісіп отыратынын айрықша атап өтті.

«Мақсат осы рейтингтердің әдістемесін түсіндіру болды. Олардың қандай критерийлер негізінде қалыптасатынын, әрбірінде авторлық әдістеме бар екенін және кейде олардың атауларын немесе қорытындыларын оқығанда бұл рейтингтердің біздің түсінгенімізден әлдеқайда басқаша болатынын көрсету маңызды болды.

Сол себепті әдістемені түсіну және көру маңызды екенін тағы да еске салғым келеді. Осы ретте сіздермен білім саласындағы әртүрлі рейтингтер және зерттеулер жайында ақпараттармен бөлісуді жалғастырамын.

Ал рейтинг қаншалықты репрезентативті және нақты екенін әр оқырман өзі шешуі тиіс», - делінген БҒМ басшысы жазған хабарламада.