Бұл шешім әлеуметтік нысандарға қатысты емес
Нұр-Сұлтан қаласында күн райының жылынуына байланысты 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда «Қаланың жылу беру маусымын дайындау және өткізу қағидаларының» 42-тармағына сәйкес сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан жоғары болған кезде күнтізбелік 5 күн ішінде елорданың жергілікті атқарушы органы жылыту маусымын аяқтау жөнінде шешім қабылдайды. Осыған байланысты бесінші күн 17 сәуірге түсетінін ескерсек, 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады.
Бұл шешім әлеуметтік нысандарға қатысты емес.