Ол 29 наурыз күні үйден шығып кетіп, із-түссіз жоғалған
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы 1996 жылы туған азаматты іздестіру мақсатында Бейнеу ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін «ҚАЗАВИАСПАС» АҚ МИ-8 бортында ұшып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел топ қажетті медициналық-құтқару құралдарымен және керек-жарақтарымен жабдықталған. Сағат 11:40-та Бейнеуден ТЖД жедел тобына тағы 5 адам қосылды, оның ішінде із-түзсіз жоғалғандардың туысы да бар.
Іздестіру Бейнеу ауылының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде 50 шақырым радиуста жүргізілді. Жазық жерлерге, шатқалдарға, жартастарға ерекше назар аударылады. Іздестіру-құтқару жұмыстары Бейнеу ауылының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде басталып, Қарабұлақ тауын айналып өтетін Сайым-Құлансайдың бойында, Қарабұлақ тауын айналып өтетін темір жол, Сарға ауылы мен Сарыарқа ауылы арасындағы мұнай және газ құбырлары бойында жүргізілді.
Іздеу нәтижесіз аяқталып, тікұшақ тұрақты орнына оралды.