Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Тимур Тәшімбаев ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.