Ол Димашқа үлкен жолдаманы өзі бергенін айтты
Әнші Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергеннің дауысы қойылмаған, мектебі жоқ екенін айтып сынға алды. Бұл туралы ол «Elmedia» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Димаштың өзінде де постановка жоқ. Құдай берген, табиғат берген дауысы бар. Бәрі тамаша, керемет. Алайда оның мектебі жоқ, дауысы қойылмаған. Оның себептері білемін, өз көз алдымда өскен бала. Оған өмірге үлкен жолдаманы берген мен болатынмын. «Жас қанат» байқауына қатысып жатқан кезде, «Ондай дауыстар кетсін, құрсын» деп жатқанда мен Димаштан артық талантты байқамағанымды айттым.
Ол расында да өте талантты жігіт. Бірақ Димаштың мектебі жоқ. Дауысы қойылмаған адам алысқа бара алмайды деп қорқамын. Құдай берген таланты бар. Дегенмен әрбір адамда мектеп болу керек, білім болу керек. Онсыз алысқа бара алмайды», - деді Бақыт Шадаева.