Нұр-Сұлтанда станция өткелі уақытша жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Аумақта өткел төсемін ауыстыру және өзге де жұмыстар жүргізіледі

Фото: gov.kz

16 сәуірден 17 сәуірге қараған түні Нұр-Сұлтан станциясының Малахов көшесінде ПК 7-нің 805-ші шақырымында орналасқан өткел жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан станциясындағы өткел арқылы автокөлік құралдары үшін қозғалыс 16 сәуірде сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін өткел төсемін ауыстыру және өзге де жұмыстардың жүргізілуіне байланысты жабылады», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары қаланың осы бөлігіндегі қозғалысын алдын ала жоспарлауы қажет.