Қазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны біршама азайды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде сондай-ақ 27 адам COVID-19 індетінен емделіп шықты

 
Фото: РИА Новости

Қазақстанда өткен тәулікте 12 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.  

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы - 3
Алматы қаласы - 6
Шығыс Қазақстан облысы - 2
Қарағанды облысы - 1.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 355 адамға жетті. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 27 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы - 5
Алматы қаласы - 9
Алматы облысы - 2
Шығыс Қазақстан облысы - 1
Қарағанды облысы - 3
Қостанай облысы – 1

Қызылорда облысы – 1

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 2

Солтүстік Қазақстан облысы - 1.

Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 290 785 адамға жетті.