Жамбыл облысында асыл тұқымды сиыр ұрлаған жігіт қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Келтірілген шығын 2 млн теңгеден асады

фото: Жамбыл облыстық ПД

Жамбылдық полицейлер құны 2 миллион теңгеден асатын асыл тұқымды сиырларды айдап әкеткен жігітті қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алғабас ауылының маңындағы жайылымнан белгісіз тұлға құны 750 мың теңге болатын асыл тұқымды үш сиырды ұрлап әкеткен. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 2 250 000 теңгені құрайды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Тұрар Рысқұлов ауданының 23 жастағы тұрғыны ұстады. Ер адам кінәсін толық мойындады», деп көрсетті Жамбыл облысының Полиция департаменті.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тегтер: