Қанат Сейдгапбаров Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.