Болат Бақауовты қамауда ұстау туралы шешім өзгеріссіз қалды – Павлодар соты

Автор: Azattyq Rýhy

Экс-әкімнің жеке қорғаушыларының шағымы қанағаттандырылмаған

фото: matritca.kz

Павлодар облыстық соты экс-әкім Болат Бақауовты қамауда ұстау туралы шешім өзгеріссіз қалғанын хабарлады.

«Бақауовқа қатысты қаулысы өзгеріссіз қалды, ал жеке қорғаушылардың шағымы қанағаттандырылмады. Аппеляциялық қаулы жарияланған күннен бастап, яғни 2020 жылдың 22 қаңтарынан өзінің заңды күшіне енеді және ол шағымдануға, прокурордың өтініші арқылы қайта қарауға жатпайды», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Әнел Құсанова.

Жақында Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу соты экс-әкім Болат Бақауовты екі ай мерзімге қамауға алу туралы қаулы шығарды.