«ҚазАвтоЖол» жол тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр
Өскемен - Алтай тасжолының бір бөлігін қар көшкіні жауып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
22 қаңтарда Өскемен - Алтай тасжолының 64-шақырымында 350 текше метр болатын көлемде қар көшкіні жолдың бір бөлігін жауып қалған. Басылымның хабарлауынша, қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол»жол тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«20-26 қаңтар аралығында ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупі бар. Ал 23 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында боран соғып, көктайғақ болады, сондай-ақ секундына 28 метрге дейін жел соғады», - деп жазады басылым.