$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңадан үш облыс құру туралы құжат Президентке мамыр айында түседі

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті 

Жаңадан үш облыс құру туралы құжат Президентке мамыр айында түседі
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысы Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарына атаулар беру туралы ұсынысты қолдады. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жаңадан үш облыс құру туралы жұмыс алгоритмі жасалып, сол алгоритм аясындағы жұмыстар аяқталуға жақын. 

Күні кеше Республикалық ономастика комиссиясы үш облыстың атауын бекіту туралы ұсынысты қолдаған. 

Сонымен қатар, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары мәслихаттарының өткізілген сессияларының қорытындысы бойынша қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлердің шекаралары алдын ала 1997 жылғы тарихи шекараларда айқындалды.

«Қарағанды облысы бойынша мәслихат сессиясы енді өтеді деп күтіп отырмыз, онда Қарағанды және Ұлытау облыстарының шекаралары бойынша мәселе қаралады», -деді Ұлттық экономика министрі. 

Сонымен қатар, құрылатын мемлекеттік органдар үшін қажетті штат санын қалыптастыру мәселесі талқыланып жатыр. 

«Жалпы, Алгоритмге сәйкес мемлекеттік органдар мен өңірлердің негізгі жұмысы ағымдағы жылғы 20 сәуірге дейін аяқталатын болады, ал Президенттің тиісті Жарлықтарының жобалары мамыр айының басында Президент Әкімшілігіне енгізіледі», -деді ол.

Серіктес жаңалықтары