Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Фото: inform.kz

Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Мағзұм Маратұлы 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған.

«Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2001-2004 жылдары - Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер.

2004-2007 жылдары - «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы.

2007-2010 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2010-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2010-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.

2013-2014 жылдары – ҚР мұнай газ вице-министрі.

2014-2019 жылдар – ҚР энергетика вице-министрі. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болды. 2022 жылдың қаңтарынан бері Президент кеңесшісі қызметін атқарды.